Көкпектіде жаппай дезинфекциялау жұмыстары жүріп жатыр
![](/kz/uploads/posts/iblock/57b/57b274b6943d1e399828986a9a893e41.jpg)
Көкпекті ауданында қауіпті індеттің алдын алуға байланысты жаппай дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Ауданға әкелінген алты тоннадай кальций гиппохлориті ерітіндісімен адамдар көп шоғырланатын жерлер мен саябақтар аумағы жүз пайыз залалсыздандырылған.
"Ауданға қарайтын барлық ауылдардағы дүкендер мен көше бойына дәл осылай дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр", деп жазылған аудандық ішкі саясат бөлімі таратқан хабарламада.
Айта кетсек Көкпекті ауданы пандемияға қарсы толық базамен қамтылған. Залалсыздындыру материалы да жеткілікті.
Оқи отырыңыз