Лимон мен зімбір коронавирусты емдемейді
Лимон немесе зімбір коронавирусқа қарсы тиімді ем-дом бола алмайды. Бұл тек маркетинг үшін қолданылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Вирустан қорғайтын ешбір тағам түрі жоқ екен. Бұл туралы Ресейдің медицина ғылымдарының докторы, профессор Дмитрий Никитюк мәлімдеді.
Оның айтуынша, адамдар зімбір мен лимонды денсаулығын жақсарту үшін пайдаланғанымен, коронавирусқа қарсы емдік қасиеті жоқ. Дегенмен, лимон, зімбір, сондай-ақ, сарымсақта адам ағзасына пайдалы түрлі биологиялық белсенді қоспалар бар екен.