KZ
Өскемен
-2°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
492.22 529.38 5.03

Қазақстандықтардың бұғатталған «карточкалары» ашылады

7.04.2020, 05:17 129

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитеті төтенше жағдай кезінде жеке тұлғалардың банктік есепшоттары бұғатталмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылған азаматтарға мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ай сайын әлеуметтік көмек ретінде  42 500 теңге берілетіні белгілі. Осыған байланысты аумақтық мемлекеттік кіріс департаменттері  жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылғандарды қоспағанда, есепшоттары бұғатталған азаматтардың банктік операцияларына салынған тыйымның күшін жойды.

Мемлекеттік кіріс комитетінің басшысы Әділет министрлігі мен жеке сот орындаушыларының республикалық палатасынан бұрын шығарылған сот бұйрықтары мен шешімдерінің, сондай-ақ салық бойынша азаматтардың шоттарына салынған тыйымды және жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрықтарын тоқтата тұруды сұрады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив