KZ
Өскемен
-11°
туман жел 2 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Салықты онлайн тексеруге болады

18.09.2019, 04:35 160

Бұдан былай кезек күтуді қаламайтын азаматтар үшін салық берешегін онлайн тексере алатын мүмкіндік туындады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

"Көптеген азаматтар мемлекеттік мекемелерді, оның ішінде салық қызметіне де кезектің көптігіне байланысты барып жүргенді қаламайды.

Осыған орай тұрғындарды қызықтыратын сұрақтарға ақпарат іздеуді жеңілдету үшін "Азаматтарға арналған үкімет" филиалы өз қарызыңызды дербес компьютерден тексеру қызметін ұсынады", - делінген "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы ШҚО филиалының баспасөз қызметі.

Аталмыш қызметті алу үшін ЭЦҚ немесе бір реттік пароль көмегімен egov.kz порталда авторланып, сонан соң "Салық және қаржы" бөліміне өту қажет. "Салық берешегін қарау және төлеу " бөлімінен "Қызметке онлайн тапсырыс беру " бастырмасына басып, ЖСН мен суреттен кодты енгізу керек. Азаматтардың алдында берешектің бар немесе жоқ екендігі туралы деректері бар кесте пайда болады

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу