Өскемен мен Семейде ертең көлікпен жүре алмайсыз - полиция
ШҚО ПД басшысының орынбасары Елдос Закимов Өскемен мен Семей қалаларындағы көлік қозғалысын шектеу әрекеттеріне қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«Ертең, яғни сенбі және жексенбі күндері Семей мен Өскемен қалаларында жекеменшік көлікпен қозғалуға тиым салынады. Ал дүйсенбіден бастап 6 сәуір – жұп, 7 сәуір – тақ нөмірлі көліктер ғана жүре алады. Сенбі және жексенбі күндері жекеменшік көліктермен жүруге тиым салынған»,-деді Елдос Закимов.
Естеріңізге сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов коронавирустың таралуын алдын алу үшін 2 сәуір түнгі 00.00-ден бастап Өскемен және Семей қаласында шектеулер қойылатынын мәлімдеген болатын.
Полиция қызметкерлері халықтан тексеру және шектеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұрайды.