KZ
Өскемен
-11°
туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

"15 тәулік". Өскемен мен Семейде карантин ережесін бұзғандар жауапқа тартылады

4.04.2020, 10:18 234

6 сәуірден бастап Өскемен мен Семей тұрғындары арнайы рұқсаттамамен дүкен, дәріхана және банкке ғана бара алады. Ал жеке көліктермен жұмыс күндері ғана жүруге рұқсат.

Полиция департаментінің ақпаратына сүйенсек, бұл ережені бұзған адамдар әкімшілік жауапқа тартылады немесе 15 тәулікке дейін қамалады.

- Рұқсаттама қағаздары 6 сәуірден бастап іске қосылады. Тәртіп сақшылары әр адам сыртқа шыққан сайын, оның рұқсаттамасына белгі қойып отырады. Сол күні басқа тәртіп сақшылары тоқтатқан жағдайда, рұқсаттамадағы белгілінің қашан қойылғанын планшет арқылы біле алады, - делінген ПД ақпаратында. 

Рұқсаттаманың екі түрі бар. Ақ түстісін алған адам - тақ, жасыл түстісін алған адам жұп күндері сыртқа шыға алады.

Сол секілді 6 сәуір күні (дүйсенбіде) мемлекеттік нөмірі жұп санымен аяқталатын автокөліктердің жүруіне рұқсат етіледі, ал 7 сәуір күні (сейсенбіде) нөмірі тақ санымен аяқталатын көлік құралдарының жүруіне рұсат етіледі. Әрі қарай осы қағида бойынша.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу