Өскеменде қоғамдық көліктер 80 пайыз қысқарады - Жақсылық Омар
Өскемендегі қоғамдық көліктердің 20 пайызы ғана жолға шығады. 80 пайызы қысқарады.
Қала басшысы Жақсылық Омардың айтуынша, автобус пен трамвайлардың 80 пайызы қысқарады. Яғни, оларды күту уақыты көбейеді.
"Құрметті жерлестер, COVID-19 вирусының қаламызда анықталғанын ескере отырып, өз денсаулықтарыңыз үшін осы қағидаларды қатаң сақтауды және полиция қызметкерлерінің талаптарына түсіністікпен қарауды сұраймын", - деп жазды инстаграм желісінде.
Облыс әкімінің өкіміне сәйкес, 2 сәуірден бастап төтенше жағдай режимі мерзімінің соңына дейін Өскемен қаласының аумағында жүруге шектеулер енгізілгені белгілі.
Оқи отырыңыз