ШҚО-да коронавирус жұқтырған төртінші адам анықталды
ШҚО-да коронавирус жұқтырудың тағы бір жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Өткен аптада Семей қаласында екі науқас тіркелген болатын. Кеше инфекция жұқтырған бір адам Өскеменде тіркелді. Бүгін науқастардың қатары бір адамға артты.
Қазақстан бойынша, 3 сәуір күнгі сағат 18:10 кезіндегі жағдайға сәйкес 7 жаңа науқас тіркеліп отыр: ШҚО – 1, Түркістан облысы – 3, Қостанай облысы -1, Жамбыл облысы – 2.
Сонымен, коронавирус жұқтырған науқастардың саны ел аумағында 460 адамға жетті.
Оқи отырыңыз