KZ
Өскемен
+18°
небольшая облачность жел 3 м/с, СШ
443.44 480.51 4.88

Әскерден депутаттардан басқа кімдер босатылады?

22.05.2019, 05:55 202

Әскерге қандай жігіттердің жарайтынын айтып жату артық. Ал «кімдер бармайды?», «заңда қалай жазылған?» дегенге келсек, мәселе басқа. Көкейлердің біразын осындай сауалдар тесіп жүргені жасырын емес.

Міне, Әскери қызмет және олардың мәртебесі туралы заң бойынша «шақыру билеті» түсетін маусым да ашық деп жарияланды. Біз әлгіндей сұрақтармен Қорғаныс істері жөніндегі департаментке хабарластық. Департамент қызметкері Айнұр Уәлива сұрақтарға нақпа-нақ жауап берді.

– Әкесін, анасын немесе кәмелетке толмаған іні-қарындастарын асырап отырған азаматтар әскерден босатылады. Отбасы, яғни әйелі мен баласы бар азаматтар әскерден босатылады. Авиация саласында жұмыс істеушілер және ауылдық жердегі дәрігер, мұғалім мамандары босатылады. Парламент немесе жергiлiктi өкiлдi органдардың депутаттарына да әскерге бармауға рұқсат етіледі. Бұдан басқа да себептер заңда қарастырылған, – дейді А.Уәлиева.

Айтпақшы, шақырудан қалыс қалып жататындар да кездеседі. Жалтарғандарға екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салынады. Не болмаса, олардың екi жылға дейiн бас бостандығы шектеледі, сирек жағдайда сол бостандығынан айырылуы да мүмкін екен. Бір ескерте кететіні, тергеу органы iстi сотқа бергенге дейiн әлгі жалтарған жігіт шақыру пунктiне келіп үлгерсе, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

Айта кетейік, дәл қазір әскерге шақырудың көктемгі маусымы жүргізіліп жатыр. Бұл іс-шара жыл сайын жергілікті атқарушы, әскери және ішкі істер органдарының ұйымдастыруымен өткізіледі. Қорғаныс Министрлігі 18-27 жас аралығындағы жігіттерге жергілікті әскери мекемелер мен медициналық мекемелердің қарауынан уақытылы өтуді ескертеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив