KZ
Өскемен
-19°
туман жел 1 м/с, С
520.27 537.65 5.24

Өскемендегі шектеулерге байланысты тұрғындар пікір білдірді

1.04.2020, 06:02 125

Кеше облыс әкімі Даниал Ахметов 2 сәуірден бастап Өскемен мен Семей қалаларына кіріп-шығу шектелетінін мәлімдеді.

Айтуынша, екі қалаға қажетті азық-түлік енгізу үшін «жасыл дәліз» ашылады. Ал тұрғындар рұқсат қағаздар арқылы дүкен, дәріхана және ауруханаға ғана бара алады. Жасы 70-тен асқандар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың үйіне волонтерлер қажетті заттарды жеткізіп береді. Қоғамдық көліктердің жүру уақыты қысқарады. Жеке автомобильдерге де белгілі шектеулер қойылады.

Осыған қатысты қала тұрғындарының пікірін сұрадық.

– Әлемді дүрліктірген коронавирус инфекциясы біздің елімізді де әбігерге салғаны рас. 31 наурыз күні облыс басшысы Даниал Ахметов тұрғындарға үндеу жолдады. Осындай қиын сәтте жұмылған жұдырықтай болып, бәріміз ортақ тәртіпке бағынып, ескертулерге құлақ асуымыз қажет деп ойлаймын. "Тәртіпке бағынған құл болмайды" демекші, әркім өзі үшін және жақындары үшін енгізілген шектеулерді ұстанса, еліміз осы індеттен аман құтылар. Сондықтан Өскемен қаласының тұрғыны ретінде облыс әкімінің жолдаған үндеуіне қолдау білдіремін және Сіздерді де қолдауға шақырамын, – деді Гүлзана Ермұханқызы.

Қала бойынша кемшілік пен олқылықты «бетке баса» жырлап жүрген, елге «Ақынгелді» деген ныспымен танылған айтыскер Аян Қалымбек те пікірін айтты.

– Екі қаланы бұған дейін-ақ жауып тастау керек еді. Дегенмен қазіргі қадам кеш емес. Облыс басшылығы уақытынан кешікпей іске кірісті. Тұрғындардың қала ішінде жүріп-тұруына арналған екі түрлі рұқсат қағазы сәтті болады деп ойлаймын. Бұл – әрбір тұрғынның қауіпсіздігі үшін істеліп жатқан амал. Осы шешімді мен секілді менен өзге тұрғындар да құптайды деп ойлаймын, – деді Аян Қалымбек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу