KZ
Өскемен
-10°
переменная облачность жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

"15 тәулікке қамалуы мүмкін" ШҚО полицейлері ескертеді

11.04.2020, 05:19 245

Өскемен қаласының полицейлері қосымша шектеу талаптарын бұзған кәсіпкерлерді анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, кәсіп иелеріне берілген рұқсат қағаздары олардың күн сайын қала ішінде жүруіне мүмкіндік береді. Тек алдын ала бекітілген маршруттан ауытқымау керек.

Осы ретте «Сергек» камералары арнайы рұқсат алған көлік құралдарының қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді.

«Анықталғандай, жасыл түсті рұқсат қағазы бар жүргізушілердің арасында заң талабын орындамайтындары да бар. Бір сағаттың ішінде осындай 10 көлік тоқтатылды. Полиция қызметкерлері оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, шектеу шараларын қатаң сақтау керектігін ескертті. Егер жүргізушілер тағы да осындай заңбұзушылыққа жол беріп жатса, 15 тәулікке қамауға алынуы мүмкін», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу