KZ
Өскемен
-10°
переменная облачность жел 2 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Өскеменде рұқсат қағазы ПИК-тің борышкерлеріне де беріледі

1.04.2020, 14:01 203

Өскеменде ТЖ кезінде рұқсат қағаздары ПИК (КСК) алдындағы қарыздарға қарамастан барлық тұрғындарға беріледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Мұндай тапсырманы қала әкімі Жақсылық Омар беріп отыр.

- Кейбір адамдар ПИК алдындағы қарызы үшін рұқсат қағазын ала алмай» қаламыз деп алаңдайды екен. Бірақ біз барлығына ескертіп қойдық, мұндай жол берілмейді. Рұқсат қағазын әр пәтер алады. Әр ПИК-те рұқсат қағазын беру әкімдік қызметкерінің қатысуымен өтеді. Сондықтан ешқандай қиындық тумайды, - деді шаһар басшысы.

Сонымен қатар, ол рұқсат қағаздарының барлығына жеткілікті екенін айтып өтті: барлығы қала бойынша 144 000 дана әзірленген. Бір пәтерге бір рұқсат қағазынан беріледі. Онда аты-жөні, мекен-жайы көрсетілмейді. Тексеру кезінде полиция қызметкерлері рұқсат қағазындағы мәліметтерді планшеттеріне енгізілген базамен салыстырады. Тұрғылықты тіркелудің маңызы жоқ, рұқсат қағазы мекен-жай бойынша беріледі. Рұқсат қағазы полицейдерге жеке бас куәлігімен бірге ұсынылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу