KZ
Өскемен
-15°
переменная облачность жел 1 м/с, С
510.18 601.91 6.51

Италия ұлттық туын төмен түсірді

1.04.2020, 03:09 140

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы әлемнің бүгінгі жаңалықтарын қысқаша ұсынады.

31 наурызда Италия ұлттық туын төмен түсірді - елдегі мыңдаған адамдардың өмірін үзген коронавирустық инфекция құрбандарын еске алды.

Польшада карантин күшейтілуде: саябақтар, алаңдар мен басқа да қоғамдық орындар жабылады, бейсенбіге дейін барлық отельдер мен хостелдер жабылуы тиіс, супермаркеттерде кассадағы кезек үш адаммен шектеледі.

Германияда вирусқа байланысты көз жұмғандар саны сейсенбі күні 600 адамға жетті. Süddeutsche Zeitung газеті хабарлағандай, олардың 31-інің жасы 60 жастан төмен болған.

Беларусьте коронавируспен ауырғандардан алғашқы адам көз жұмды. 76 жасына қараған шағында Витебск драма театрының актері Виктор Дашкевич қайтыс болды.

Нью-Йоркте шұғыл дала госпитальдары ашылуда. АҚШ-тағы басқа штаттар карантин шараларын жедел қолға алып жатыр. Сейсенбі күні Мэриленд, Вирджиния, Аризона және Теннеси штаттарының билігі карантин енгізді. Сейсенбі күнгі жағдай бойынша 50 штаттың 32-сі осындай шаралар енгізген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу