Aitas KZ инфекциямен күреске 200 миллион теңге бөледі
ШҚО-дағы "Aitas KZ" акционерлік қоғамы COVID-19 инфекциясымен күреске қаржы аударды.
Кәсіпорынның бас директоры Серік Толықпаевтың айтуынша, алдағы уақытта бірнеше шаруа қолға алынады.
1. ҚР денсаулық сақтау саласына қажетті құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмек алуға 200 миллион теңге бөлінеді;
2. "Кус&Вкус" брендінің өнімдері қымбаттамайды;
3. Халыққа үздіксіз жеткізіп тұруға 1000 тонна тауық еті беріледі;
4. Карантин енгізілген және "Aitas KZ" өнімдері саудаланатын аумақтарда волонтерлік штаб құрылады;
5. Компанияның өндірістік холдингті басқаруды ұйымдастыру бойынша құжаттары төтенше жағдай кезінде aitas.kz сайтында қолжетімді етіп, ашық жарияланады.
- Мұндай қысылтаяң шақта кәсіпорындар әлеуметтік жауапкершілікті сезінуі керек. Мемлекетке қал-қадарынша көмек беруге тиіс. Біз біріксек, алынбайтын қамал жоқ, - деді Серік Толықпаев.