KZ
Өскемен
+1°
переменная облачность жел 5 м/с, ОБ
492.22 529.38 5.03

Өскеменде коронавирусқа тегін тексерілуге болады

27.04.2020, 10:56 124

25 сәуірден бастап Өскеменде коронавирус инфекциясына қарса күрес масқатында биматериал қабылдайтын ұялы пункттер жұмысын бастады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Мұндай пункттер бұған дейін Нұр-Сұлтан, Көкшетау және Семей қалаларында ғана болған. Ұялы пункттерде тегін жедел тест немесе ПЦР әдісі арқылы анализ тапсыруға болады.

Жобаның демеушісі - «Aitas KZ» АҚ. Олар ұялы пункттердің жұмысына 39 миллион теңгеге жуық қаражат бөліп отыр. Жобаның операторы – «Олимп» клиникалық-диагностикалық зертханасы.

- Біз әлемдегі және Қазақстандағы жағдайды көріп отырмыз. COVID-19 вирусына қарсы күрес тәжірибесі көрсеткендей, ең тиімді шара – инфекция жұқтырған азаматтарды және олармен байланыста болғандарды уақытында анықтап, оқшаулау. Біздің «Олимп» клиникалық-диагностикалық зертханасымен бірлескен жобамыз бұл процессті жеделдетіп, вирустың таралу ошағына уақытында әсер етуге көмектеседі, - дейді «Aitas KZ» АҚ Бас директоры Серік Толықпаев.

Анализ қабылдайтын ұялы пункттер ғимараттан тыс ашық жерлерде орнатылған. Адамдар анализ тапсыруға белгілі уақытта шақыртылады және кезексіз кіреді, яғни басқа адамдармен байланысқа түспейді. Пункттегі медицина қызметкерлері пациенттермен микрофон арқылы сөйлеседі, арнайы құралы арқылы биоматериал алады, тікелей байланыста болмайды.

1 бокс  бір сағатта 12 адамға дейін қабылдай алады. Жұмыс кестесі: таңғы 8.00-ден бастап жеті сағатқа дейін созылады. Штатта 4 маман екі ауысыммен жұмыс істейді: мейірбике, тіркеуші және санитар.

Жобаны іске қосу үшін 50 000 жедел тесттер сатып алынған екен. Одан бөлек, 38 дезинфекция жасайтын құралдар мен өкпені жасанды желдететін 6 аппарат алынды, оның 4-уі Өскемен қаласы мен Катонқарағай ауданының ауруханаларына берілмек.

Анализді тегін тапсыруға болады. Ол үшін cdl.kz сайтында өтінім қалдыру қажет. Егер адам тәуекел аймағында болса, ол міндетті түрде шақыртылады. Тексеруден өтетін адамдардың тізімі Денсаулық сақтау министрлігімен және жергілікті атқарушы органдармен бірге құрылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив