KZ
Өскемен
-3°
плотный туман жел 1 м/с, СБ
478.96 533.03 5.22

Катонқарағай ауданының ауруханаларына кәсіпкерлер тағы да жәрдем берді

7.07.2020, 10:07 257

 

Елімізде жарияланған төтенше жағдай кезеңінде жерлес кәсіпкерлеріміздің тарапынан үлгі тұтарлық қайырымдылық шаралары жүргізілуде.

«Катонқарағай ауданының тұрақты дамуы» қоғамдық Қорының құрылтайшылары бүкіл әлемді шарпыған коронавирус пандемиясы кезінде жерлестеріне көрсеткен игі істері жайында осыған дейін де айтқан едік. Міне, арада тағы да екі ай салып, танымал кәсіпкерлер, өңірімізден шыққан меценат тумаларымыз Серік Толықбаев пен Қайрат Ахметов "Ашық жүрек " коронавирусқа қарсы жобасы аясында аудандағы қос бірдей денсаулық сақтау мекемелері - Үлкен Нарындағы аудандық орталық және Катонқарағайдағы ауданаралық №2 ауруханаларына коронавирустың таралуын болдырмау және оның алдын алу мақсатында қажетті қорғаныш заттары мен дәрі-дәрмек сатып алып берді. Атап айтсақ, меценаттар екі аурухананы 600 дана бірреттік қорғаныш костюмдерімен, 600 респиратор және 100 литр антисептикпен қамтамасыз етті.

Аталмыш Қордың атқарушы директоры Серік Жүнісовтың айтуынша, бүгінде сатып алынған заттармен қоса, алдағы уақытта коронавирус инфекциясына қарсы ауруханалар қосымша тағы қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілмек. Қор құрылтайшылары бұл іске барлығы 9 миллион теңге жұмсаған. Оның 7 миллионын Серік Толықбаев, қалған екі миллионды Қайрат Ахметов бөлген.

-Осындай ауыр кезеңде жерлестерін әрдайым қамқорлық танытып жүрген Серік Толықбаев бастаған жомарт жүректі азаматтарымызға зор ризашылығымымызды білдіреміз. Дендеріңіз саулық, отбастарыңыз амандық тілейміз, -дейді аудандық орталық аурухана бас дәрігері Сәуле Байгереева.  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив