KZ
Өскемен
-6°
плотный туман жел 3 м/с, С
505.53 593.44 6.34

Медициналық масканы дұрыс пайдаланып жүрсіз бе?

28.03.2020, 09:44 1 379

Медициналық масканы дұрыс пайдаланудың жолы қандай? Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары кеңес берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

· Медициналық масканы тақпас бұрын қолды сабынмен мұқият жуу немесе антисептикпен сүрту керек;

· Медициналық масканы ауыз бен мұрынды жауып тұруы қажет. Адамның беті мен бетперде арасы ашық болмағаны дұрыс;

· Медициналық масканы қайта-қайта ұстамаған жөн. Оны ұстағаннан кейін қолды сабынмен жуу немесе антисептикпен сүрту керек;

· Медициналық масканының ішкі жағына қолды тигізбей, сыртынан ұстап шешкен дұрыс. Қолданылған масканы жабық қоқыс жәшігіне бірден тастау қажет. Содан кейін қайтадан қолды сабынмен жуу немесе антисептикпен сүрту керек;

· Медициналық масканы ылғалданған соң шешіп тастаған жөн. Бірреттік масканы екінші рет қолдануға болмайды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу