KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 6 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Масканы иегіне тағып алатындарға бас санитарлық дәрігер үндеу айтты

23.06.2020, 09:58 236

Республиканың бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова медициналық масканы иекке тағу коронавирустан қорғамайтынын айтты.

Бір метрден кем емес арақашықтық сақтап, барлық жабық нысан ішінде маска тағу қажет екендігін ескерткен Есмағамбетова азаматтардың масканы дұрыс тақпай жүргенін атап өтті.

"Адамдар көп жағдайда масканы иегіне тағып алады. Құрметті қазақстандықтар, масканы иекке тағу сізді коронавирустан қорғамайды. Маска бет пен мұрынды жауып тұруы қажет", - деді Есмағамбетова.

Сонымен қатар бетті қолмен ұстауға болмайды. Негізгі ереже – күнделікті қолдың гигиенасын сақтау. Яғни, үнемі қолды жуып, антисептиктерді қолдану керек.

"Аса қажеттілік болмаса қарым-қатынастардан аулақ болу керек, бұл инфекцияның қоғамда таралуын азайтып, бұрынғы өмірімізге қайта оралуға мүмкіндік береді", - деді бас санитар дәрігер.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу