KZ
Өскемен
-12°
туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

Үй карантиніндегі адамның 6 ережесі

9.04.2020, 04:51 206

ШҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті үй карантиніндегі адамға арналған нұсқаулық ұсынады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. Мамандар үйде отырған адамның  төмендегі 6 ереженің қатаң сақталуын сұрайды.

1. Үйден шықпаңыз.

2. Пәтерде басқа отбасы мүшелері тұрған жағдайда есігі жабық, жеке, жақсы желдетілетін бөлмеде болу қажет. Бөлмеден қысқа уақытқа шығуға тек қажетті рәсімдер үшін рұқсат етіледі, бұл ретте ауыз бен мұрын маскамен жабылуы тиіс.

3. Вирустың таралуын болдырмау үшін бір рет қолданылатын майлықпен, түшкіргенде немесе жөтелгенде ауыз бен мұрынды жабыңыз. Осыдан кейін қолды сабынмен жуу немесе спирттік негізде антисептикпен өңдеу қажет.

4. Қолды тамақ алдында, сондай-ақ дәретханаға барғаннан кейін сабынмен жуу немесе спирттік негізде антисептикпен өңдеу. Қолды сүрту үшін бір рет қолданылатын майлықтарды қолданған жөн.

5. Мүмкіндігінше жеке дәретхананы пайдалану.

6. Температура немесе әлсіздік белгілері пайда болған кезде COVID-19 колл-орталығына хабарласу немесе карантин туралы хабарлай отырып және жүгіну себебін көрсете отырып, жедел жәрдем шақыру қажет.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу