KZ
Өскемен
-12°
туман жел 1 м/с, С
501.02 597.27 6.59

Өскемен тұрғыны коронавирус туралы жалған ақпарат бергені үшін жазаланды

26.03.2020, 07:23 332

Өскемен тұрғыны коронавирус жұқтырғаны туралы жалған ақпарат бергені үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

25 наурызда 1406 номері бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін  call-орталыққа Өскемен тұрғыны қоңырау шалды. Ол операторға жуықта Тайландтан келгенін және қазір өзінен ЖРВИ белгілерін байқағаны жөнінде хабар береді.

Жедел түрде жеткен арнайы мамандар қоңырау шалған тұрғыннан ешқандай аурудың белгілерін таппайды. 39 жастағы ер адамның мас күйде болғаны және шетелге шықпағаны анықталды.

Бұл қылығы үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу