KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Қазақстанда коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмектің бағасы 27% арзандайды

3.01.2021, 12:15 224

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ковидке қарсы бірқатар препараттардың бағасы төмендейді

Мұндай өзгерістер Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен 2020 жылғы 24 желтоқсанда күшіне енген «Дәрілік заттардың шекті бағалары мен үстеме бағаларын реттеу, қалыптастыру қағидалары» негізінде жүргізілді.

Бұл өзгерістер коронавирус инфекциясын емдеу үшін пайдаланылатын дәрілік препараттарға шекті бағаны қалыптастырудың ерекше тәртібін көздейді. Бұл жаңалыққа ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) бастамашылық етіп, дәрілік препараттардың шекті бағаларын қалыптастыру тәртібіне алдын ала экономикалық талдау жүргізді. Дәріханалардағы ковидке қарсы препараттар тізбесінің бағасы 10 күннен кейін орта есеппен 27%-ға (230-ға жуық препарат) төмендейді.

Тұтастай алғанда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі шекті бағалары төмендетілетін 17 халықаралық патенттелмеген атау бойынша ковидке қарсы препараттардың тізбесін айқындады.

«Баға белгілеуді сараптау барысында өтініш берушілерге оны қалыптастыру кезінде және бірінші кезекте ковидке қарсы препараттардың бағасын көтеруге мүмкіндік беретін бірқатар факторлар анықталды, – деп атап өтті ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Марат Омаров. – Мысалы, - инвойстарды талдау есебінен дистрибьюторлар соңғы жылы инвойстан ең жоғары бағаны есепке алуы мүмкін екенін анықтадық, өндірушілерден инвойстар әрқашан ұсынылмайды, бұл дистрибьюторларға дәрілер құнын қымбаттатуға алғышарттар жасап, дәрілік препараттарды зауыттың өзінен емес, делдалдар арқылы сатып алуға мүмкіндік береді, экономикалық даму деңгейі ұқсас елдерде өндірушілер мен зауыттар ұсынған бағалар қайта тексерілмейді, көлік және кедендік шығыстар (бұл дәрі құнының 7-15%-ына дейін), маркетингтік құрамдауыш (30%-ына дейін) құрайды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив