KZ
Өскемен
-7°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
509.94 593.88 6.43

Бағаны негізсіз қымбаттатуға жол берілмейді – Мемлекет басшысы

16.03.2020, 08:18 226

Халықтың күнделікті тұтынатын тауарларының бағасы қымбаттамайды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін телевизия арқылы үндеу жасау барысында мәлім етті.

-«Біз экономикалық жағдайды басты назарда ұстаймыз. Мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелерін орындайды. Бұған қажетті қорымыз қалыптасты, қаражат бар. Осы орайда азық-түлік қоры жеткілікті екеніне назар аудартқым келеді. Күнделікті тұтынатын тауар бағасын негізсіз қымбаттатуға жол берілмейді», - деді мемлекет басшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу