KZ
Өскемен
-25°
плотный туман жел 1 м/с, СБ
520.27 537.65 5.24

ШҚО-да салынатын жел электр станциясына Абай есімі беріледі

11.03.2020, 10:08 100

Шығыс Қазақстан облысында салынатын алғашқы жел электр станциясына Абай есімі беріледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Ержан Шурмановтың айтуынша, жел электр станция Аягөз ауданындағы Ақтоғай ауылында салынады. Бұл жерде Ақтоғай комбинатының маңызы есепке алынған көрінеді.

– Бұл станция қазақтың бас ақынының құрметіне орай «Абай 1» деп аталады. Қазіргі уақытта жобаны ресімдеу жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ нысанның құрылысына байланысты мәселелер шешілуде. Станцияны тұрғызумен айналысатын компанияның тәжірибесі мол. Мысал ретінде Қапшағайдағы станцияны айтуға болады. Сондай-ақ аталмыш компания «Абай 1»-мен қатар Алматы облысында 50 мегаваттық жел электр станциясын салады, – деді Ержан Шурманов.

Басқарма басшысының айтуынша, бұл жоба – өміршең. Құрылыс орнында желдің жылдамдығы мен күшінің көрсеткіштерін анықтайтын дабыл діңгегі орнатылып қойды.

Айта кетейік, «Абай 1» станциясы Шығыс өңіріндегі бірінші жел электр станциясы болмақ. Бұған дейін мұндай нысан Жарма және Ұлан аудандарында салынады деп жоспарланған еді. Алайда аталмыш жобалар аяқсыз қалып келді.

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу