ШҚО-да төрт отбасы баспанасыз қалды
Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында төрт отбасы баспанасыз қалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Маяк ауылында үй өртенгені туралы хабар 3 наурыз күні келіп түсті, – деп мәлімдеді Алтай ауданының төтенше жағдайлар бөлімі.
Өрт сөндірушілер оқиға орынына жеткенше, бір үй тұтас өртеніп кеткен. Онымен қоса, жанындағы үш үйдің шатырын жалын шарпып үлгерген екен.
Құтқарушылардың деректеріне сәйкес, өртенген үйде 12 адам тұрған. Оның ішінде үш бала бар. Зардап шеккендер жоқ.
Өрт 250 шаршы метр аумақты шарпыған.