KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
511 602.72 6.49

Қазақстанда коронавирусқа байланысты мерекелік шаралар тоқтатылды

4.03.2020, 05:07 228

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтанда 8 наурызға қарсы өтетін концерт пен салтанатты жиынды тоқтату жөнінде шешім қабылдады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы мемлекет басшысының Твиттердегі ресми парақшасында жарияланып отыр.

-  Халықаралық әйелдер күніне орай Нұр-Сұлтан қ. жоспарланған салтанатты жиын мен мерекелік концертті өткізбеу жөнінде шешім қабылдадым.Бұл әлемде коронавирустың таралуына байланысты қауіпсіздік шарасы үшін жасалып отыр.Ардақты аналар мен аруларға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін, - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу