KZ
Өскемен
-7°
туман жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Жыл басынан бері 11 қылмыстың бетін ашқан ит

3.03.2020, 08:06 216

Өскеменде полиция қызметкері ұрыларды иттің көмегімен тауып, тұтқындады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

29 ақпан күні таңертең полицияға ұрлық туралы хабар келіп түскен. Қаскөйлер қойманың терезесінен түсіп, бес жүз мың теңгелік ноутбукты ұрлап кеткен.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобымен бірге жеткен кинолог ұрыларды алысқа ұзатпады. Ал «із кесуші» иттің аты – Агат екен.
– Ит тәртіп сақшыларын таяу маңдағы үйлердің біріне бастап барған. Дәл сол жерден қолды болған ноутбук табылды. Саусақ іздері арқылы үш күдікті анықталды, – деп мәлімдеді полицияның баспасөз қызметі.

Кинологиялық орталықтың басшысы Өмірзақ Қасаиновтың айтуынша, маманның кәсіби біліктілігінің арқасында ұрылар дереу қолға түскен.

– Агаттың арқасында жыл басынан бері 11 қылмыстың беті ашылды, – дейді ол.

Ол қылмыстардың көпшілігі – ұрлық, тек бір жағдайда ғана көлікке қатысты іс қозғалған екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу