Өскеменде ұрылар пәтерді тонау үшін үйдің қабырғасын бұзып кірді
Өскеменде ұрылар пәтерді тонау үшін үйдің қабырғасын бұзып кірген, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Іссапардан оралған үй иесі пәтер қабырғасының опырылып жатқанын көріп, бірден полицияға хабар берген.
Полиция департаментінің ақпаратына сүйенсек, үй иесі 12-19 қазан күндері іссапарда болған. Осы уақыт аралығында ұрылар пәтерге түсіп, тонап кеткен. Қолды болған заттар 70 000 теңгеге бағаланды.
– Күдікті ретінде бұрын сотталмаған, 1966 жылғы жұмыссыз азамат ұсталды, – деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.
Аталмыш фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы 2-бөлігі (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.