KZ
Өскемен
-5°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, З
479.23 534.96 5.16

Өскемендегі Иван Лихаревтің мүсіні қойылған субұрқақ алынады

25.02.2020, 10:12 145

Биыл Өскеменде Антон Чехов көшесінен Жеңіс даңғылы және Максим Горький көшелеріне оңға қарай бұрылатын жол төселеді. Соған байланысты көше қиылыстарындағы Қасым Қайсеновтің ескерткіші және маңында Иван Лихаревтің шағын ғана мүсіні бар субұрқақ алынады. Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар мәлімдеді.

Айтуынша, Қасым Қайсеновтің ескерткішін оның атындағы саябаққа, ал Иван Лихаревтің мүсінін оның атындағы көшеге көшіру жоспарланған. Дегенмен де, нақты шешім жуықта болатын қоғамдық тыңдаудан кейін айтылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив