Өскеменде автобус автокранға соғылды

Өскеменде № 32 бағыттағы автобус пен жүк краны соқтығысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Алдын ала ақпарат бойынша, автобус жүргізушісі ауа райындағы жағдайды ескермеген.
Оқиға бүгін сағат 7.30-да Согра кентінде болды.
Автобустың 54 жастағы жүргізушісі жолда сырғып кетіп, қарама-қарсы бағытта келе жатқан автокранға соғылған. Зардап шеккендер жоқ.
Қоғамдық көлік жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Оқи отырыңыз