KZ
Өскемен
-8°
туман жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Қазақстанда некелердің 40 пайызы ажырасумен аяқталады

19.02.2020, 05:39 250

Елімізде неке қидырған отбасылардың 40 пайызы ажырасып кетеді екен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Осы мәселе бойынша арнайы зерттеу жүргізілген. Әсіресе, солтүстік, шығыс облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының тұрғындары жиі ажырасатын көрінеді.

Сондай-ақ зерттеудің нәтижесіне сүйенсек, елімізде неке қидыру пайызы төмендеп, керісінще, ажырасу пайызы жоғарылап барады. 2013-2018 жылдар аралығында неке қидыру көрсеткіші республика бойынша 18 пайызға азайған. Оның ішінде Шығыс Қазақстандағы көрсеткіш ең жоғары болып табылады – 28 пайыз. 2000-2018 жылдар аралығында ажырасқандардың саны орташа алғанда екі есе атып кеткен. Жекелеп атағанда,  Шығыс Қазақстанда – 1,3 есе, Алматы облысында – 2,8 есе, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында ажырасу деңгейі республикадағы орташа көрсеткіштен жоғары екен.

Бұдан бөлек, Қазақстанда бала туу көрсеткіші 2014 жылдан бері төмендеп келеді екен. 2017-2018 жылдары туу көрсеткіші 2008 жылдардан бергі көрсеткіштермен салыстырғанда ең төмен болған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу