KZ
Өскемен
-3°
небольшая облачность жел 2 м/с, СШ
481.84 531.33 5.07

6 ақпаннан бастап Өскемен трамвайларына жаңашылдық енгізіледі

30.01.2021, 13:38 274

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар Трамвай паркіне барып, электронды билеттеу жүйесімен танысып қайтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қала әкімі қоғамдық көліктерге орнатылған электронды билеттеу жүйесінің қалай жұмыс жасайтынын көріп, танысып қайтты. 
- Қала тұрғындарының карталарында қандай да бір қателік болып немесе ішінде қаржы жетіспеушілігі болған жағдайда жол ақысы қазіргідей қолма-қол төленетін болады. Жүйе белгілі бір қалыпқа келіп, толық орнатылып алғанша кондукторлар көмектесетін болады, - деді Трамвай паркінің қызметкері Михаил Михаилович.
Сонымен қатар, жақын арада мектеп оқушыларына арналған карталар да қарастырылатынын айтып өтті.
- Қоғамдық көліктерді электронды билеттеу жүйесін іске қосуға асығыстық білдірген жоқпыз. Төлем жасайтын карталар әлі де толығымен таратылған жоқ. Оның өзіндік себептері бар. Қазір еліміздегі карантиндік шараларға байланысты көпшілік адам жинауға тиым салынған. Сондықтан билеттеу әр этап бойынша таратылуда, - дейді Жақсылық Мұқашұлы.
Ақпан айынан бастап электронды билеттеу жүйесі алғаш болып трамвайларда жұмыс істеп бастайды. 
- 6 ақпан күні жүйе трамвайларда өз жұмысын бастайды. Демалыс күндері кісі аз болғандықтан, жүйені тексеруге ыңғайлы болу үшін осы күнді таңдадық, - деп қортындылап өтті қала әкімі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив