KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 5 м/с, Ю
485.11 523.82 5.02

ҰБТ қандай форматта өтетіні белгілі болды

11.02.2020, 04:12 100

2020 жылы ұлттық бірыңғай тест қандай форматта өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Әлеуметтік желілерде ҰБТ электронды форматта өтеді деген ақпарат тарап жүр. Алайда ұлттық тестілеу орталығының директоры міндетін атқарушы Дидар Смағұлов бұл деректі жоққа шығарды.  

– Қазіргі уақытта біз компьютерлік тест мәселесін тексеріп жатырмыз, бірақ бұл қағаз форматы болмайды деген сөз емес. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Маусымда ҰБТ қағаз форматында өтеді, – деді Д.Смағұлов.

Орталық директорының айтуынша, компьютерлік тестілеуге 2021 жылы толық ауысу жоспарда бар.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив