KZ
Өскемен
-23°
плотный туман Штиль
521.6 534.27 5.25

Қордай. Жанжалдан кейін ауылдың әуеден түсірілген видеосы жарияланды

10.02.2020, 07:47 108

Ішкі істер министрлігі Қордай ауданына қарасты Масаншы ауылының әуеден түсірілген видеосын жариялады, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі Тенгриньюс сайтына сілтеме беріп.

Анықталған мәлімет бойынша, 25 жеке үй мен 31 коммерциялық нысан қираған, 41 автомобиль зақымданған.

Ауылды Ұлттық ұлан мен полицейлер күзетуде. Жедел іздестіру топтары да жұмыс істеуде.

Еске сала кетейік, 7 ақпан күні Қордай ауданы Масаншы ауылында тұрғындар арасында жанжал болған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жанжал арандатушылардың кесірінен туындағанын айтқан.

Жанжалға үш мыңдай адам қатысқан. Масаншыдан бөлек Ауқатты, Бұлан батыр ауылдарында да жанжал болған. Оқиға кезінде 10 адам қаза тапқан.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу