KZ
Өскемен
+2°
небольшая облачность жел 0,4 м/с, СБ
478.16 534.92 5.18

«Бізде бәрі керісінше». Семей көшелеріндегі жарық неге түнде өшіп, күндіз қосылып тұрады? (ВИДЕО)

25.09.2019, 08:21 133

Семейдің бірқатар көшелері жарықсыз тұр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Кеш қарая салысымен шаһар жұртшылығы әбден әбігерге түседі. Неге дейсіз бе? Өйткені қала іші тас қараңғы. Тұрғындардың айтуынша, жарықтың жоқтығынан қала жолдарында түрлі оқыс оқиғалар мен жол апаттары жиіліп кеткен.

–      Қаланың көп көшелерінде жарық жоқ. Соның кесірінен  көліктер соқтығысып, жаяу жүргіншілерді қағып кету фактісі жиілеп кетті. Шамдар жоқ емес бар, бірақ не үшін қосылмай тұратындары белгісіз. М.Әуезов, Б.Момышұлы көшелері мүлдем қараңғы. Ал жаңа көпірдің маңындағы шамдар не үшін қосылып тұрғанын түсінбейсің. Түк те жарық бермейді, – дейді бейнежазба авторы.

Айтпақшы мына бейнежазбаға зер салсақ, жүргізуші айтып ауыз жиғанша көшеде жол-көлік оқиғасы болып үлгеріпті.

Бұдан бөлек, семейліктер әлеуметтік желіде күндіз қосылып тұрған шамдарды түсіріп өз наразылықтарын білдірген екен.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив