Семейде төрт адамның өліміне кінәлі жүргізушінің ісі сотта қаралды
Озерки-Семей тас жолында болған жол апатына кінәлі жүргізушінің ісі сотта қаралды. Бұл апатта төрт адам қаза тауып, бір адам ауыр жарақат алған болатын, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қылмыстық іс Семей қалалық № 2 сотында қаралды.
Соттың баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, айыпталушы тас жолда жылдамдықты асырып, басқаруға ие бола алмай қалған. Салдарынан қарама-қарсы жолға шығып кетіп, жолдың жиегіне аударылады.
Сот шешімі бойынша, жүргізуші кінәлі деп табылып, оған 5,5 жылға бас бостандығынан айыру және 7 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы тағайындалды.
Ер адамның бұрын сотты болғаны анықталып отыр. Бұл қылмысты ол мерзімінен бұрын шартты босату мерзімінде жасаған екен. Сондықтан оған тағайындалған жазаға өткен үкім бойынша қалған мерзімі де қосылып отыр.