KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 6 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Аягөз әкімі 4,5 жылға сотталды

27.05.2021, 14:41 241

Аягөз қаласының әкімі пара алғаны үшін 4,5 жылға сотталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 
Шенеунікке қарсы қылмыстық іс Аягөз аудандық сотында қаралды. Анықталғандай, ол Аягөз қаласының әкімі лауазымында жүріп, 2020 жылдың 16-17 қыркүйегінде «Көркем»  ЖК мекемесіне апаттық жағдай салдарынан қирап қалған тұрғын үйлерді қалпына келтіру бойынша орындалған жұмыстардың актісіне қол қойғаны үшін 1 200 000 теңге көлемінде пара алған. 
Қала әкімі өз кабинетінде қылмыс үстінде ұсталған екен. Алайда кінәсін мойындамай, аталған қаражатты қарыз ақша деп көрсеткісі келеді. Дегенмен, соттың шешімі бойынша оған 4 жыл 5 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу