Жеке табыс салығын және әлеуметтік төлемдерді төлеуді ұмытпаңыздар!
Құрметті кәсіпкерлер!
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Сіздерге жеке табыс салығын және әлеуметтік төлемдерді уақытылы төлеу қажеттігін еске салады.
Әр ай үшін төлемдер келесі айдың 25-не дейін жасалуы тиіс.
Уақытылы төлем жасалмаған жағдайда өсімпұл есептеледі, бұл Сіздің қаржылық жағдайыңызға қосымша салмақ түсіруі мүмкін.
Өзіңіздің және бизнесіңіздің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін салықтық міндеттемелеріңізді мерзімінде орындаңыз.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне немесе жергілікті салық органдарына хабарласуыңызға болады.