Тиындағы жазулар өзгерді
Бүгін Қазақстанның Ұлттық Банкі номиналдық құны 1, 2, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік дизайны жаңартылған тиындарды айналымға шығарды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Тиындардың дизайнын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 20 мамырда мақұлдап қойған болатын.
Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылдың 1 қарашасында Мемлекеттік Елтаңбадағы жазу «QAZAQSTAN» деп өзгертілген еді. Ал Елтаңба теңгенің тиындарындағы міндетті элементі болғандықтан, Ұлттық Банк дизайны жаңартылған тиындарды шығару жөнінде шешім қабылдады.
Жаңартылған дизайнда өгерген тек Елтаңба ғана емес, басқа да жазулар мемлекеттік тілде латын қаріпімен жазылып отыр. Ал тиынның салмағы, қалыңдығы мен металл қорытпасы өзгертілмеген екен.
Айналымға бүгін шығарылған тиындар барлық төлем терминалдары мен басқа да кассалық техникаларды қабылданады.