KZ
Өскемен
-19°
пасмурно жел 3 м/с, З
509.75 594.67 6.46

ШҚО-ның жас боксшылары ел чемпионатында топ жарды

22.01.2020, 04:42 157

Шығыс Қазақстан облысының жасөспірім боксшылары ел чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Алматы облысында бокстан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті.

Елдің түкпір-түкпірінен 224 жас спортшы қатысқан ел біріншілігінде Шығыстың шәкірттері топ жарды. Мәселен «Спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат-колледжнің» тәрбиеленушісі Рауан Кеңеспенков 75 келі салмақ дәрежесінде І орын иеленді. Сондай-ақ, осы мектептің тағы бір шәкірті Темірлан Қасенов 57 келі салмақта ІІІ орынға қол жеткізді. Сондай-ақ катонқарағайлық Илияс Нурмухамбетов ІІ орынға, Айбар Ержанов ІІІ орынға табан тіреді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу