ШҚО-да жоғалып кеткен оқушыны іздеуге 1200 адам мен 50 техника жұмылдырылды
Бобровкада жоғалып кеткен оқушыны іздеуге 1200 адам мен 50 техника жұмылдырылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Тоғыз жастағы Айбар Егізбаев 24 қаңтар күні үйінен шығып кетіп, із-түссіз жоғалып кеткен. Екі күн бойы үйіне оралмаған баланы қазір 1200 адам, 50 техника іздеп жатыр. Айбардың ерекше белгілері, бойы 120 сантиметр, шашы қара. Жоғалған күні үстінде спорттық киім болған. Қандай да бір ақпарат білсеңіз 102 каналына немесе 8-747-349-57-17 нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз.
Оқи отырыңыз