Семейлік жастар тағы да қар күреуге шықты
Семейлік жастар тағы да қар күреуге шықты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Семей қаласының колледждері мен жоғары оқу орындарының студенттері қолдарына күрек алып, қаланың мәдени нысандарындағы қарды тазалады. Мәселен, Абай ескерткішінің маңын тазалауға 30-ға жуық ерікті шықты.
Игі бастамаға Жастар ресурстық орталығы мұрындық болды.
– Жастар ресурстық орталығының бастамасымен бүгін қалада мәдени маңызы бар жерлерді қардан тазарту бойынша акция өткіздік. Еріктілер жалғыз басты қарттардың үйлеріне барып, ауладан қарды шығаруға көмектесті, - дейді акцияны ұйымдастырушыларының бірі Фариза Оңғарова.