KZ
Өскемен
-11°
пасмурно жел 1,5 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Шығысқазақстандық дзюдошы әлемдік Гран Приде «күміске» ие болды

24.01.2020, 05:12 108

Шығысқазақстандық дзюдошы әлемдік Гран Приде күміс медальға ие болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Израильдің Тель-Авив қаласында дзюдодан әлемдік Гран При өтіп жатыр. Әлемнің 88 елінен 600-ден астам спортшы жиналды. Оның ішінде 20 дзюдошы Қазақстан намысын қорғауда.

Ал 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша күрескен Шығыс өңірінің тумасы Ерлан Серікжанов ел қоржынына күмістен олжа салып үлгерді. Ақтық сайысқа сүрінбей жеткен жерлесіміз Оңтүстік Кореяның спортшысы Ан Ба Улға есе жіберіп алды. Сондай-ақ бұл бәсекеде Даниэль Карнин (Бразилия) мен Тал Фликер (Израиль) қолаға қол жеткізді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу