Өскемендегі университеттердің бірі жабыла ма?
Облыс орталығындағы жоғары оқу орындарының бірі жабылып қалуы мүмкін деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бірқатар БАҚ Қазақстан ЖОО-ларына жүргізілген тексеруден кейін Өскемендегі Қазақ-Американ еркін университеті лицензиясынан айырылуы мүмкін деп мәлімдеген еді. Алайда бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтындығы анықталды.
Министрліктің тексеруінен кейін аталмыш білім ордасына бірнеше ескерту жасалған екен. Тиісінше кемшіліктерді бір ай ішінде жою жүктелген.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің Қорытынды актісінде: «ҚАЕУ қызметі барлық біліктілік талаптарына сәйкес келеді» деп жазылды.
Осылайша Қазақстан-Американдық Еркін университеті Халықаралық әріптестік ЖОО мәртебесін растады.