KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 2 м/с, В
494.87 520.65 4.91

ШҚО-да медбикені зорлаған ауыл тұрғынына қатысты сот үкім шығарды

20.01.2020, 11:35 207

Үйіне медбикені шақыртқан ауыл тұрғыны оған зорлық көрсеткені туралы жазған едік. Сұмдық оқиға Бородулиха ауданына қарасты Зүбайыр ауылында болған. 45 жастағы ер адамға қатысты сот үкім шығарды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ауылдасынан жәбір көрген 30 жастағы Жанар – үш баланың анасы. Осы ауылда медбике болып қызмет еткеніне 10 жылдай уақыт болыпты. Өткен жылдың қазан айында тұрғындардың бірі оны үйіне шақыртып, система қойып беруін сұрайды. 45 жастағы ер адам ауылдың мал дәрігері екен. Ішімдіктен ұрттап алған «науқас» үйіне келген медбикеге тап берген.

Сот медбикенің міндетін атқару кезінде жәбір көргенін ескере отырып, айыпталушыға  8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ, ол жәбірленушіге 2,5 миллион теңге мөлшерінде моральдық зиян  үшін өтемақы төлеуге міндеттелді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу