+5 градус. Қазақстанда күн жылынады
Қазақстанда ауа температурасы салыстырмалы түрде жоғарылайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«Қазгидромет» мамандарының айтуынша, ел аумағына атлантикалық ауа массалары ағындап келеді. Осыған байланысты барлық өңірлерде күн жылынып, күндізгі температура 0 және -8 аралығында болады. Оңтүстік аймақтарда ауа температурасы 0-ден +5 градусқа дейін жоғарылайды. Сондай-ақ синоптиктердің сөзіне сүйенсек, жылы температураның ықпалынан жел күшейіп, қар еріп жауады. Тұман түсіп, қарлы бұрқасын соғады. Сондықтан жол жүру қиынға соғады.