KZ
Өскемен
+14°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
479.05 534.57 5.17

ШҚО тұрғындарына төленетін бір реттік жәрдемақы туралы ақпарат таралды

18.01.2020, 06:46 208

ШҚО тұрғындарына төленетін бір реттік жәрдемақы туралы ақпарат таралуда. Бұл ақпаратқа қатысты  «Азаматтарға арналған үкімет» ШҚ бойынша филиалының баспасөз қызметі жауап берді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

WhatsApp Мессенджерлерде таратылған хабарламада Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына ХҚО-да қолданылатын бір реттік жәрдемақы төленетіні туралы ақпарат көрсетілген.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ШҚО бойынша филиалы, «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңына сәйкес, ақшалай өтемақылар тек Семей полигоны аумағында тұратын азаматтарға бір-ақ рет және бір уақытта төленетінін хабарлайды. Осылайша, бұрын осы өтемақы алған азаматтарға төлем жасалмайтыны ескертіледі.

Бұл жәрдемақыны тағайындау үшін азаматтарға мемлекеттік корпорацияға немесе тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне келесі құжаттармен жүгіну қажет:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) 20 таңбалы банк шоты туралы мәліметтер;

3) 1949 жылдан 1965 жылға дейінгі, 1966 жылдан 1990 жылға дейінгі кезеңдерде Семей ядролық сынақ полигоны аумағында тұру фактісі мен кезеңін растайтын құжаттар (мұрағат анықтамалары, халық депутаттары селолық, кенттік (ауылдық) кеңестерінің, тұрғын үй-пайдалану басқармаларының, үй басқармаларының, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдерінің, пәтер иелері кооперативтерінің анықтамалары; еңбек кітапшасы; оқу орнын бітіргені туралы диплом; әскери билет; туу туралы куәлік; орта білім туралы аттестат;; "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен бұрын берілген куәлік.

Егер жоғарыда көрсетілген құжаттар сақталмаған болса, онда ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақта тұрудың заңды фактісі мен кезеңін белгілеу туралы сот шешімі ұсынылады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив