Жармада «Жолда қабылдау» акциясы өтіп жатыр
Жарма ауданында «Жолда қабылдау» акциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. Бұл туралы аудан әкімдігі мәлім етті.
Аталмыш шара қаңтардың 17-18 күндері Қалбатау ауылы, Бабатайұлы көшесі, 36 мекен–жайы бойынша өткізілмек. Қабылдау кезінде тұрғындар полиция қызметкерлерінен өздерін алаңдатқан сұрақтар жайлы және полиция тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы біле алады.
Оқи отырыңыз