KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 1 м/с, С
478.54 533.76 5.17

Қазақстанда қағаз түріндегі 086 анықтамасы талап етілмейтін болды

6.01.2020, 10:29 249

Қазақстанда сәуір-мамыр айларынан бастап қағаз түріндегі 086 медициналық анықтамасы талап етілмейді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Аталмыш анықтамау соңғы тексерудің нәтижесі бойынша автоматты түрде жасалады. Сондай-ақ қажет болған жағдайда азамттың рұқсатымен кез-келген мемлекеттік органға автоматты түрде ұсынылады.

«Әрбір азамат жылына 1 рет тегін медициналық тексеруден өтуге құқылы. Барлық медициналық құжаттар біздің жүйемізде сақталады. ХҚКО, Ішкі істер министрлігі сынды мемлекеттік органдар жүйеге соңғы медициналық тексерудің құжаттарын және 086 медициналық анықтамасын автоматты түрде шығару туралы сұраныс жібере алады», – Денсаулық сақтау вице-министрі  Олжас Әбішев.

086 медициналық анықтамасы – жиі талап етілетін құжаттардың бірі екені белгілі. Енді электронды форматтағы медициналық анықтаманы бір жыл бойы бірнеше рет қолдануға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив