Жолаушылар қала көшесінде қарға батқан автобусты итерді – Семей

Семей жолдарында автобус батып қалды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы шаһар тұрғындарының бірі «semey_zhaloby2» паблигына жазыпты. Қарға батып қалған №43 автобусты итеріп жүрген сол баяғы жолаушылар.
- Қысы-жазы жолымыз реттелмейтін болды. Жол деп айтуға да келмейді, құдды бір квестке келгендер сияқтымыз. Сонда біз не үшін салық төлеп жатырмыз? Қаламыз жыл өткен сайын адам төзгісіз болып барады. Қала әкімдігі, жолдар мен тратуарларды тазартыңыздаршы, - дейді семейлік Людмила Калинина.
Оқи отырыңыз
Жолаушылар қала көшесінде қарға батқан автобусты итерді - ӨскеменЖолаушылар қала көшесінде қарға батқан автобусты итерді - ӨскеменШҚО тас жолында автобус жолдан «ұшып» кетті«Трамвай жолдарын тазалап жүрген ешкім жоқ» - Өскемен«Автобус жоқ». Өскемендіктер №8 а автобустың тоқтап қалғанына наразылық білдірді