KZ
Өскемен
-8°
туман Штиль
498.51 522.84 4.81

Жолаушылар қала көшесінде қарға батқан автобусты итерді - Өскемен

19.12.2019, 08:57 321

Өскеменде жолаушылар қарға батқан автобусты итерді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Естеріңізде болса, осыдан бір күн бұрын біз қала көшелерін тазалау үшін 58 техника мен 165 адам жұмылдырылғанын жазған едік. Алайда шаһар тұрғындары қалалық әкімдіктің сөзіне сенбей отыр. Тіпті "көзбояушылықтан" шаршадық дейді. Ол ол ма, шаһардағы күрелмей жатқан жолдарда машиналар сағат сайын соқтығысып жатыр.  Ал көктайғақта құлап, жарақат алғандар жайлы жақ ашпасақ та белгілі шығар.

-        Аялдамаларда тоқтағаның былай тұрсын, жылжудың өзі мұң. Көмек қолын созған жолаушыларға рахмет, - дейді әлеуметтік желіге автобустың видеосын жүктеген тұрғын. 

-        Жол жоқ, көктайғақ, құм да себілмеген. Биліктегілер қайда қарап отыр,- дейді Ирина Алексеева.

- Қала болып шаңғы, снегоход тебейік. Ал көктемде бір-бір қайыққа отырамыз, - дейді тұрғын Александра Бежунарова.

Бүгін міне Аблакетка ауданындағы Конденсаторный аялдамасында №25 автобус батып жатыр. Итеріп жүрген сол баяғы жолаушылар. «Оskemen.info» сайтын ашып қалсаңыз автобустың интервалы 12 минут делінген. Алайда автобусымыз орнынан жылжи алмай тұр.

Айтпақшы, осы мәселеге қатысты  қалалық ТҮКШ (тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы), жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне хабарласқан едік. Бірақ қоңырауымыз жауапсыз қалды.

 

 

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу